Астанада көркем гимнастикадан қалалық чемпионат өтіп жатыр

632

Жарыс 31 тамызға дейін жалғасады. 

Астанада көркем гимнастикадан қалалық чемпионат өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Medipol спорт кешенінде кіші разрядтар арасындағы іріктеу кезеңі басталды. Сайыс барысында ең үздік деп танылған жас спортшылар бірінші разрядтар арасында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Біріншілікте еліміздің 4 өңірінен, атап айтсақ Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 200-ден астам жас гимнасшы сынға түсіп жатыр.

"Бұл біріншілік ел чемпионатына іріктеу ретінде өткізіледі. 3 күннің аралығында спортшылардың арасындағы тартыс қызу өтеді. Дәл қазір Астана қаласында 13 көркем гимнастика мектебі бар. Осы орайда Астана атынан сынға түсетін қыздарымыз жаз бойы демалмай, Конституция күніне тұспа-тұс келген жарыста жоғары орындарға таласатыны анық. Статистикаға тоқталсақ, бүгінде елордамызда 3000-нан аса жан көркем гимнастикамен тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде 13 жеке мектеп, 1 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық даярлау мектебі бар. Осы сандардан елімізде көркем гимнастика қарқынды дамып жатқанын аңғаруға болады", – дейді Астана қаласы Көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу