Астанада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді

505

Шара 16-19 мамырға жоспарланған

Астанада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді Фото: gov.kz

 

16-19 мамыр күндері Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің барлық облысынан 60-тан астам спортшы қатысады.

Топтық жаттығулардағы жарысқа 2008 жылы туған бір гимнастан ғана жіберіледі. Спартакиадаға Қазақстан құрама командаларының көшбасшылары, соның ішінде Айбота Ерсайқызы, Елжан Таниев, Ерік Жайлауов, Милан Парфилова қатысады.

Көпсайыс финалына жеке бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 15 спортшы жіберіледі. Көпсайыс финалының жеңімпазы ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады.

Жеке бағдарламада көпсайыстың жекелеген түрлерінде финалға көпсайыстың әрбір түрінде ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 8 спортшы жіберіледі. Топтық жаттығулардағы көпсайысқа – біліктілігі жоғары аймақтан бір команда.

Турнирдің ресми ашылу рәсімі 17 мамыр күні сағат 12:00-де Qazaqstan СК жеңілатлетикалық кешенінде өтеді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Астана әкімдігі.

Іс-шараның мақсаты – халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спортты өскелең ұрпақ арасында танымал ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу