Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының ашылуы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Араға 4 жыл салып, кешенді жарысқа бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен 54 гимнаст келді. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ сынап жатыр. Бұл қатарда Елжан Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген спортшылар бар.
Сондай-ақ спартакиаданың ашылу салтанаты барысында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен Жасмин Жүнісбаева, Айым Мейражова, Айсұлу Мурзагалиева, Милана Парфилова, Дина Мырзабаева, Анель Гүлмаганбетова, Айзере Кеңес, Диана Меңдібаева, Кристина Чепулская марапатталды.
Айтулы бәсекенің алғашқы күні лента және ұршықпен өнер көрсеткен жүлдегерлер бүгін кешке анықталады.
Айта кетейік, жас гимнасшылар сайысы мамырдың 19-на дейін Qazaqstan СК жеңілатлетика кешенінде өтеді.