Осылайша, Қазақстанда Өзбекстан азаматы, 46 жастағы профессор Иқболжон Қорабоев ұсталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылымның хабарлауынша, 3 шілде күні профессордың үйіне азаматтық киімдегі бірнеше адам келген. Олар оған "тыңшылық жасады" деген күдік бар екенін хабарлап, Қорабоевты өздерімен бірге алып кеткен.
BBC сайты профессорға Қылмыстық кодексінің 176-бабы – "Тыңшылық" бойынша айып тағылып отырғанын мәлім етті. Бұл бап шетел мемлекетінің немесе ұйымының мүддесі үшін ақпарат жинау, сақтау немесе беру секілді әрекеттерді қамтиды және елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жағдайда жауапкершілік қарастыратыны белгілі.
Иқболжон Қорабоев Өзбекстан азаматы саналады. Ол Астана қаласында жұбайымен және кәмелетке толмаған 3 баласымен бірге тұрып жатқан еді.
Жаза кеткен жөн, елдің құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме бермеді.