Астанада көше саудасы жаңа сапалық деңгейге көтерілді

952

Астанада көше саудасы жаңа сапалық деңгейге көтерілді

Қызмет көрсету саласының сапа деңгейін көтеру, көше саудасын заманауи форматқа келтіру, оны елорданың архитектуралық келбетіне сәйкестендіру мақсатында Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы "Көше саудасына арналған 1000 орын" жаңа бағдарламасын әзірледі.

Бүгінгі күні аталған бағдарламаның шеңберінде байқаудың 3 кезеңі өткізіліп, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен 120 келісімге қол қойылды, деп жазады astana.gov.kz.

Қазіргі уақытта Jolly volly, Bibigon, Gippo, Brooklin Hot Dogs ЖШС және т.б. жобалар қолдау тапты.

ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес, көше саудасының нысандары мемлекеттік органдарға рұқсат құжаттарын тапсырудан босатылды, алайда сол уақытта санитарлық нормаларды регламенттеу мақсатында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті көше саудасы субъектілерінің иелерін өздерінің қызметіне кіріскендері туралы құзырлы органдарға хабарлауға шақырады. Сауда нүктесін құрғаны туралы хабарлай отырып, кәсіпкерлер өздерінің заңды қызметін жүзеге асыра алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу