Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел іздестіру шараларынан кейін әйелді ұсталды.
Белгілі болғандай, ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алған.
Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.
Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.