Сығанақ көшесінде су құбыры жарылып, апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо"iKomek" мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.
"Сығанақ көшесі, 25 мекенжайында су құбыры жарылып апаттық жағдай орын алды. Аталған учаскеде "Астана су арнасы" құбырды қалпына келтіру жұмыстарын жасауда. Түркістан, Сығанақ, Керей-Жәнібек хандар көшелеріндегі жолдардың жабылуына байланысты №47 және №54 маршруттық автобустар Ақмешіт және Алматы көшелері арқылы өтеді" делінген хабарламада.
Айта кетейік, апаттық жағдайға байланысты Түркістан көшесі Достық көшесінен бастап Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігі, сондай-ақ Сығанақ көшесі Мәңгілік ел мен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі жабық тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу