Астанада көшелердің біріне Гейдар Әлиевтің есімі беріледі

562

Сондай-ақ, Мәншүк Мәметова көшесі Байқоңыр ауданынан жойылып, Есіл ауданында болады.  

Астанада көшелердің біріне Гейдар Әлиевтің есімі беріледі Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының әкімдігі Ашық НҚА порталында Астананың бірқатар көшесіне атау беру және кей көшелерді қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Жоба Астана қаласы ономастика комиссиясының және ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның шешімдері негізінде әзірленген. Оған сәйкес, қаланың Есіл ауданындағы Сауран көшесінің Бұқар жырау көшесінен басталатын № 29/1 жобалық көшесімен аяқталатын бөлігі Гейдар Әлиев есімін иеленеді.

Ал Байқоңыр ауданындағы Мәншүк Мәметова көшесі енді Қарамерген көшесі болып аталады. Есесіне Мәншүк Мәметованың есімі Есіл ауданындағы жобалық атауы Е12 көшеге берілмек.

Бұлардан өзге келесі көшелер жаңа атауға ие болады:

Есіл ауданы бойынша:

  • жобалық атауы Е20 көшеге – Шапық Шөкин;
  • жобалық атауы Е753 көшеге – Санжар Асфендияров көшесі;

Алматы ауданы бойынша:

  • жобалық атауы А23 көшеге – Әскен Нәбиев көшесі;
  • жобалық атауы А24 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;

Сарыарқа ауданы бойынша:

  • жобалық атауы № 187 көшеге – Бердібек Соқпақбаев көшесі;
  • жобалық атауы № 189 көшеге – Бейбарыс сұлтан есімдері беріледі.

Жоба 26 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу