Елордада көші-қон талаптарын бұзған 500-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

237

Дені айыппұл арқалады.  

Елордада көші-қон талаптарын бұзған 500-ден астам шетелдік жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Бас қалада "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 500-ден астам шетел азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тіркеу және олардың уақытша болуы туралы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Тексеру шаралары барысында ел аумағында заңсыз жүрген, тіркеу мерзімін бұзған және көші-қон заңнамасының өзге де талаптарын сақтамаған шетел азаматтары анықталды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу