Астанада көші-қон тәртібін бұзған 119 шетел азаматы ұсталды

2721

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

Астанада көші-қон тәртібін бұзған 119 шетел азаматы ұсталды Фото: Polisia.kz

Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу