Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген немесе болу және еңбек қызметі шарттарын бұзған шетелдік азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, көші-қон бақылауы барысында Федеративтік Нигерия Республикасының 40 жастағы азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.
Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін айыппұл және ел аумағынан шығару секілді өзге де жауапкершілік шаралары көзделгенін ескертеді.