Астанада көші-қон жөніндегі арнайы ХҚКО ашылады

772

 Астанада көші-қон жөніндегі арнайы ХҚКО ашылады

Астанада шетелдіктерді тіркеу үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгінгі күні біз мұндай ұсынысты Ішкі істер министрлігіне бердік. Астанада  жаңа  жоба ретінде Көші-қон жөніндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосқысымыз келеді. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде, ғимарат таңдап алынды", - деді "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылай Оспанов.

Арнайы ХҚКО  жемқорлықпен күрес аясында қызмет көрсетуші мен қызмет алушы  арасындағы тікелей байланысты  үзеді.

"Шешім қабылдайтындар мен қызмет алатындар да болады. Олар өзара келісімге келе алады.  Осы орайда жемқорлық пайда болады. Осы екі тұлға арасында үшінші тұлға пайда болмақ.  Атап өтсек, ол мемлекеттік корпорация болуы мүмкін. Біз қызметке қатысы жоқ тұлға болғандықтан, құжатты алып, қаз-қалпында тапсырамыз. Қызмет көрсетуші мен қызмет алушы  арасындағы тікелей байланыс жойылады", - деді Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан"  жобасы аясында  Азаматтарға арналған үкімет  жеке ақпаратты үшінші тұлғаға тапсыру бойынша қызмет әзірлеп жатыр, ал барлық тұрғындарға кеңес бірыңғай байланыс орталығы арқылы беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу