Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəрмеңкесі өтуде

957

Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəрмеңкесі өтуде

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында демалыс күндері тауарөндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл жолы Қостанай облысының тауарөндірушілері өз өнімдерін ұсынды. 

Осылайша азық-түлік өнімдерінің түрімен және баға саясатын білу мақсатында қала әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкеге барды. Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов Астана қаласының әкімін өңірдің ауылшаруашылық секторымен таныстырды. 

Шара бағдарламасында отандық ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауылшаруашылық кешеннің жетістіктері көрсетілді. 

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, екі күн бойы облыстың 3 қаласынан, 11 ауданнан 50-ден астам кәсіпорын ауылшаруашылық өнімін сатуда. Атап айтқанда: Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Наурызым, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары, Аркалық, Рудный, Қостанай қалалары. 

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 72 т, нан және тоқаш өнімдері – 70 т, ұн – 93 т, 72 мыңнан астам дана жұмыртқа. 

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.  

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу