Астанада қосымша газ жылу станциялары салынады

441

Өткен жылдың жазында Астана су қоймасынан тартылатын су құбыры және үшінші ауыз су станциясы салынған.

Астанада қосымша газ жылу станциялары салынады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қаланы жылумен, сумен қамтамасыз ету мақсатында қандай шаруалар атқарылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жұмыс барысымен таныстым. Олар – ЖЭО-3, ЖЭО-2, ауыз су станциясы (ССС-3), "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциялары.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың күзінде біз "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясының, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезеңінің, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтадық. Бұл нысандар қалаға 1100 сағ/Гкал-дан астам жылу береді.
Осылайша бізге жылыту маусымында профицитке шығуға мүмкіндік береді, - деп жазды әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу