Астанада Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесуі өтті

232

Келіссөздер барысында қос тарап көлік инфрақұрылымы саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен екі ел арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейі үшін өзара ризашылықтарын білдірді. 

Астанада Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесуі өтті Фото: Көлік министрлігі

Елордада Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай көлік ведомствосының басшысы Ли Сяопэнмен кездесуі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.

Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары көлік логистикасы және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу