Астанада кран кабелі үзіліп, құрылысшы қаза тапты

591

Елордада құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астанада кран кабелі үзіліп, құрылысшы қаза тапты

"15 мамыр сағат 03:34 шамасында Есіл ауданы Тұран даңғылы, 50 мекенжайында "Тұран 1" тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі аумағында қайғылы жағдай болды. Құрылыс салушы – "EMPAIRE" ЖШС. Оқыс оқиға құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соққан", – делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

"Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елорда бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқарады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады", – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу