Астанада кран машинисі қаза тапты

255

Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Астанада кран машинисі қаза тапты Фото: Pixabay.com

Елордада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы краннан төменге түсіп келе жатқан. Абайсызда құлап қалып, ауыр жарақаттары салдарынан жан тапсырды.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады ведомстводан.

Аталған бапқа сәйкес, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу