Астананың Байқоңыр ауданында 12-ші қабатты дегейінде тұрған мұнара кранының кабинасы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт сөндірушілер өртті сөндірді.
"Бүгін таңертең Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді. Өрт толығымен сөндірілді. Өрт 1,5 шаршы метр аумақты шарпыды. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты",-делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу