Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Астанада барлық православие шіркеулерінде крещение рәсімі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада рәсім Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.
Рәсім кезеңінде қауіпсіз шомылу үшін ойықтар жабдықталған. Астанада суға шомылу арнайы белгіленген орындарда өтеді.
Елорданың жүздеген тұрғыны мен қонақтары рәсімге қатысу үшін қоғамдық шомылу орындарына жиналды. Қоғамдық шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Столичный" саябағының жағалауы аймағында (орталық жағажайдың жанында) орнатылған.
Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен Астана қаласы ПД қызметкерлері діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
Шомылуға арналған әр орында төсеніштер төселіп, мұзды суға қауіпсіз түсуге арналып жабдықталған және киінуге арналған орындар қарастырылған.
Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пунктеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.