Астана тұрғындары мен қонақтары криптовалютаға пицца сатып ала алады. Қазақстандық фаст-фуд нарығына бұл жаңалықты "Nexxiopizza Астана" директоры Арслан Айнакулов әкелді. Бұл туралы Капитал басылымы жазды, деп хабарлайды naryk.kz.
Астанада бұл дәмхана 8 ай бұрын ашылғанымен, бренд әлем нарығында 15 жылдан бері жұмыс істеуде.
Nexxiopizza франшизасын сатып алған Арслан өз айналымындағы қаражаттың 3%-ын беріп отырады.
Дәмхана қазірде күніне 150 пицца сатады. Ай сайынғы өсім 20−30%.
Сандық валютаның қарқынды өсуі криптовалютамен төлем қабылдауға итермеледі дейді дәмхана иесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу