Астанада Күйші Дина көшесі бірнеше айға жабылады

193

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысын бастайды.  

Астанада Күйші Дина көшесі бірнеше айға жабылады Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі "Мирас" мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу