Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

1280

ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына дабылды тексеру барысында сабырлық сақтауға, сондай-ақ үрейленбеуге шақырады. 

Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

8 қарашада Астанада радио арналарда дабылдар қосылып, құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

"8 қарашада 9 сағат 55 минутта Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті теле-радио арналарда электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексереді. Аталмыш тексеру жоспарлы түрде өткізіліп отырады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай болғанда немесе төтенше жағдайдың орын алуы қаупі төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Дабылды естіген тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алуы үшін қосуы керек.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу