Астанада күн батареясы орнатылған аялдамалар пайда болды

1665

Астанада күн батареясы орнатылған аялдамалар пайда болды

Астанада эксперимент ретінде қалалық электр желілерін жеңілдетуге бағытталған күн батареялары орнатылған аялдамалар пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қазақстан астанасында электр қуатын үнемдеуге септігін тигізетін аялдамалар жұмыс істейді. Аялдамалардың төбесіне орнатылған күн батареялары күндізгі жарықты жинайды. Соның көмегімен аялдама өзін-өзі жарықтандырады.

Қондырғы күніне 800 ватт қуат жинайды. Мамандар қытымыр аяздарда да аялдамалар ішкі ресурстардың көмегімен жылынатынын айтады.

Айта кету керек, бұл жаңашылдыққа бюджет қаржысы шығындалмаған. "Жоба пилоттық және жеке инвесторлардың қаражатына жүзеге асырылуда",- деп мәлімдеді елорда әкімдігінің медиа орталығына Астана қаласы энергетика басқармасының маманы Қали Бекзат.

Қазіргі уақытта қала ішінде осындай 5 аялдама орнатылды. Олар "Керуен сити" СОСО (бұрынғы "Мега"), "Ханшатыр", "Азия парк" және Ана мен бала орталығы маңына қойылды. Энергетика басқармасы жыл соңына дейін "ақылды" аялдамалар саны көбейетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу