Астанада курьер тұрғын үй кіреберісінде дәрет сындырып кеткен

587

Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.

Астанада курьер тұрғын үй кіреберісінде дәрет сындырып кеткен Фото: видео скриншот

Елордада курьер жеткізу қызметін орындаған соң, тұрғын үй кіреберісінде дәрет сындырған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Нұра" ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болды. 

Курьер қызметін атқаратын ер адам тұрғын үй кіреберісінде баспалдақпен төмен түсіп келе жатып, тоқтап, әжетхана қажеттілігін өтеген. Бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. 

Полиция ер адамды ұстады. Енді ол "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша заң алдында жауап береді.

Оған 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салынады немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу