Астанада күрестен Азия чемпионаты өтеді

655

Азия чемпионатының ресми ашылуы 9 сәуір күні сағат 17:00-де өтеді.

Астанада күрестен Азия чемпионаты өтеді Фото: ҰОК

Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (1-ші және 3-ші орындар үшін финалдық ойындар) басталады.

Айта кетейік, алғаш рет Азия чемпионаты 1979 жылы тек еркін күрестен өтсе, екі жылдан кейін грек-рим күресінің балуандары Сары құрлықтағы мықтыларды анықтады. Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу