Астанада құрылыс алаңында краншы қаза тапты

568

Қайғылы оқиға құрылыс жұмыстары кезінде болған.  

Астанада құрылыс алаңында краншы қаза тапты Фото: pexels.com

Құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, оның төбесінде отырған краншы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының ТЖД оқиға туралы ақпаратты растады.

"27 тамызда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлап, салдарынан бір жұмысша қаза тапты", – деп хабарлады қалалық ТЖД.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер ер адамның алған жарақаттар салдарынан қайтыс болғанын тіркеді.

Қазір апат себебін анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу