Астанада құрылыс алаңында өрт шықты

126

Зардап шеккендер жоқ.

Астанада құрылыс алаңында өрт шықты Фото: ТЖМ

Астананың Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойында салынып жатқан нысан аумағында контейнер өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

"Сондай-ақ өрттің көршілес контейнерге таралу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ҚР ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу