Астанада құрылыс алаңында ұрлық жасаған екі жігіт ұсталды

555

Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар адам ПД УҰИ-ға қамалды.  

Астанада құрылыс алаңында ұрлық жасаған екі жігіт ұсталды Фото: polisia.kz

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрылыс алаңында ұрлық жасады деген күдікпен екі жас жігітті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елордалық ЖШС-нен белгісіз біреулердің Көктал көшесінің бойында салынып жатқан нысанға заңсыз кіріп, құрал-саймандар мен материалдарды алып кеткені туралы арыз түскен. 

Белгілі болғандай, күдіктілер ұрланған заттарды төрт сағат бойына “шанамен” Ұлытау көшесіне дейін сүйреп апарып, барлығын көлікке тиеуді ұйғарған. Тергеу барысында 22 және 25 жастағы жігіттер таңғы сағат 06:00 шамасында Indriver қосымшасы арқылы ГАЗель автокөлігіне тапсырыс бергені анықталды. Олар жүргізушіге жұмысшы екендігін түсіндіріп, үйге материалдарды апару керек деген сылтаумен көлікке 4 аккумулятор батареясын, 2 электр шарқайрағын, 2 перфораторды және бір радиаторды тиеген. Ұрланған мүліктің бір бөлігі металл қабылдағышқа салынса, қалған бөлігі күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен тәркіленді. 

Сонымен қатар соңғысы Дулатов көшесіндегі құрылыс алаңынан 50 метр мыс кабельді ұрлап, кейін оны балқытып, сатқанын мойындады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың елордада бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу