2023 жылдың қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешендерінің үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген", – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.