Астанада құрылыс нысандарын дронмен тексере бастады

224

13 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Астанада құрылыс нысандарын дронмен тексере бастады Фото: ЖИ

Астана прокуратурасы құрылыс нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау үшін дрондарды қолдана бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе бақылауы арқылы сақтандырудың болмауы, биіктікте қауіпті жұмыстардың жүргізілуі және заңсыз жұмыс күшінің тартылуы сияқты заң бұзушылықтар анықталады.

Алғашқы үш айда дрон көмегімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды бұзған 20 құрылыс нысаны анықталды. Нәтижесінде 13 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1,1 млн теңге айыппұл салынды. Тағы 7 әкімшілік іс қаралу үстінде.

Прокуратураның мәліметінше, әуе бақылауының негізгі мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу