Астана қаласында құрылыс нысандарының бірінде қылмыс тіркелді. Аталған қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктінің жеке басы анықталды.
Тергеу барысында 18 жастағы жігіттің құрылыс нысанына еркін кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденгені белгілі болды. Атап айтқанда, ол құрылыс алаңынан кабель өнімдерін ұрлаған.
Камера жазбаларын талдау барысында күдіктінің қозғалыс бағыты анықталған. Соның негізінде полицейлер оны жедел ұстады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.