Астанада құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды

186

Құрылыс жұмыстары кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген.

Астанада құрылысшы биіктіктен құлап мерт болды Фото: Sputnik

Астанада құрылысшы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған.

"Құрылыс объектісінде қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", – деді Полиция департаментінен.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу