Астанада құрылысшылардың биіктен құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

48

Елордада тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 3 жұмысшы шамамен бесінші қабат деңгейінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада құрылысшылардың биіктен құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: canva

Полиция департаментінің хабарлауынша, олар биіктікте орнатылған құрылыс жабдығының үзіліп кетуі салдарынан құлаған.

"Аталған дерек бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Жарақат алған үш қызметкер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу