Астанада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір тұрғын үй кешені аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Future home" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлер саны 200-ге жуық отбасыны құрайды.
Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаттары ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыстар, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бүгін төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада баспаналы болады.
"Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.
Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", - деп жазды елорда әкімі.