Астанада құрылысы ұзаққа созылған сауда орталығы сатылымға шықты

252

Елорданың оң жалауында орналасқан сауда-ойын орталығының құрылысы бірнеше жылдан бері тұралап тұр.

Астанада құрылысы ұзаққа созылған сауда орталығы сатылымға шықты Фото: krisha.kz

Құрылыс нысаны 13 500 000 000 теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сити палас" көпфункционалды сауда және ойын-сауық орталығының аяқталмаған құрылыс нысаны сатылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатқан жоқ", - делінген krisha.kz сайтындағы хабарламада.

Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нарығында қолданыстағы бағаға байланысты құны өзгеруі мүмкін екендігі айтылған.

Айта кеткен жөн, хабарландыруда нысан құрылысының қолданысқа қаншалықты дайын екендігі пайызбен көрсетілген. Оның ішінде іргетасы — 100%, қабырғалары — 100%, шатыры — 20-30%, едені -100%, ішкі бөліктері — 90%, сыртқы әрлеуі — 85%, ішкі инженерлік желілері — 20%, абаттандыру — 40%-ға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу