Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын құрылыс кешендері туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған тағы 9 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында 13 жылдан бері баспанасының құрылысы аяқталғанын күтіп жүргендер де бар", – дейді әкім.
Әкім "Араби 2 - Гранитный 2" тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысқан. Бұл тұрғын үй кешені 11 жыл бұрын проблемалы деп танылған. "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС-ға тапсырар кезде тұрғын үй кешенінің тіпті жер учаскесі де болмаған. Жер телімін бөлу, барлық қажетті рәсімнен өту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта Б блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр.
"Садовые кварталы" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырар алдында қадалары мен шұңқыры ғана болған. Қазіргі уақытта екінші белгі бойынша бесінші-алтыншы блоктарда пәтерлердің ақауларын жою және оларды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Төртінші белгі бойынша жалпы пайдалану орындарын әрлеу, еден төсеніштерін құю, әлсіз желілерді монтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр", – деді ол.
Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. 15,5 мыңға тарта үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алды.