Астанада құтқарушылар "Барыс" спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды

633

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Барыс" спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанада құтқарушылар "Барыс" спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды Фото: yandex.kz

"Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің "Барыс" спорт кешенінің бойындағы ("Қазақстан" спорт кешенінің жанында) су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!" — делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу