Астанада құтқарушылар өрт арасынан 25 газ баллонын алып шықты

1007

Астанадағы Қазақ ғылыми-зерттеу институты аумағынан өрт шығып, газ толтыратын резервуар жарылды.  

Астанада құтқарушылар өрт арасынан 25 газ баллонын алып шықты

Оның толқыны күшті болғаны соншалық, жақын орналасқан төрт қабатты жатақхананың терезелері сынған. 

Құтқарушылардың хабарлауынша, қызыл жалын ағаштан салынған қосымша жайдан тұтанып, кейін ол газ толтыратын резервуарды шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында, өрт сөндірушілер 25 газ баллонын алып шыққан. Жарақат алғандар жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу