Астанада 38 жастағы күтуші екі жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, 38 жастағы әйел баланы тұншықтырып өлтірген.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді ПД өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу