Астанада қылмыстық ортамен байланысы бар топ сотталды

411

Сот үкімімен олар бопсалау мен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Астанада қылмыстық ортамен байланысы бар топ сотталды Фото: Астана қаласының прокуратурасы

 2016 жылы елорда бір топ аукцион қорытындыларына ықпал етуге және бизнес-кешен ғимаратын беруге уәде етіп, жәбірленушіден шамамен 300 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты алдау арқылы алған, деп жазады Inbusiness.kz.

"Одан әрі, қылмыскерлер жәбірленушінің қаржылық жағдайы туралы біліп, ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы көрсетіп, зорлық-зомбылыққа дейін бару арқылы жәбірленуші мен оның танысынан тағы 120 мың АҚШ доллар талап еткен. Оны қарыз деп түсіндірген", — делінген Астана қаласы прокуратурасы баспасөз қызметі.

2021 жылға дейін аталған іс қаралмай келген. Тек Астана қаласы прокуратурасының нұсқауларынан кейін ғана қылмыстық іс қайта жанданып, аса ауыр қылмыстар жасалғанын куәландыратын жеткілікті және жол берілетін дәлелдемелер жинақталды. Тергеу нәтижелері бойынша прокуратура айыптау актісін жасады.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі туралы күмәнсіз дәлелдер келтірілді. Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу