Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай талқыланады

606

Астанада Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Ресей Федерациясының ықпалдастығымен қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіс бойынша үшжақты кездесу өткізеді, хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевқа сілтеме жасап.

Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай талқыланады Фото: kabar.kg

Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталады.  

Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонның бірлескен кездесуі Ресей Президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылмақ.

Ол Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселелерін шешуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Оған Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу