Астанада Қытайдан заңсыз тауар тасымалдаған экс-шенеуніктер ұсталды

1235

Астанада Қытайдан заңсыз тауар тасымалдаған  экс-шенеуніктер ұсталды

Астанада Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Ресейге тауар жеткізу үшін контрабандалық арна құрды деген күдікпен Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы бөлім басшылары ұсталды.  Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте ведомствоның Аппарат басшысының орынбасары Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Биылғы жылдың 31 қазанында Бас прокуратураның жетекшілігімен тергеліп жатқан іс бойынша 3 күдікті ұсталды. Олардың екеуі Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы бөлім бастықтары және біреуі жеке компания қызметкері. Аталған азаматтарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, контрабандалық жолмен жалпы құны 2 млрд 600 млн теңге болатын тауарларды Қытайдан Ресейге Қазақстан арқылы тасымалдауды ұйымдастырған деген айып тағылып отыр", – деп атап өтті Н.Ораз. Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін 2014 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейінгі кезең аралығында іске асырып келген.

"Қазіргі күні күдіктілер Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты дәлелдемелер жиналды. Тергеу мүддесі мақсатында іске қатысты басқа жәйттар жарияланбайды. Тергеу жалғасуда", – деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу