Елордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан келген шабандоздар 8 наурызда "Арғымақ" ат-сауықтыру спорт кешенінде үздіктерді анықтайды.
Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрделілігі бойынша 4 бағытта жарысады:
- Бірінші санат – "Әуесқойлар санаты, 105 см";
- Екінші санат – "Балалар санаты 12-15 жас, 110 см";
- Үшінші санат – "Ашық сынып санаты, 120 см";
- Төртінші санат – "Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см".
Жарысты ұйымдастырушылар жанкүйерлерді жарысты тамащалап, шабандоз қыздарға қолдау білдіруге шақырады.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу