Астанада қыздар арасында шайбалы хоккейден ел чемпионаты өтті

539

Оған еліміздің әр өңірінен келген 7 команда қатысты.

Астанада қыздар арасында шайбалы хоккейден ел чемпионаты өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы "Алау" мұз сарайында 8 және 13 жас аралығындағы бұрымды хоккейшілер арасында біріншілік өтті. Олар 3 күн бойы айналмалы жүйеде мачтар сериясын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жеңімпаз командалардың марапаттау рәсіміне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев және Астана қаласы мәслихатының депутаты Нұрлан Муслим қатысып, жүлделі орындарға ие болған бұрымды қыздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді .

"Елімізде әйелдер хоккейінің дамуына, әсіресе болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліне бастады. Оған дәлел бүгінгі жарыс. Былтыр ел чемпионатына 5 команда келіп еді. Биыл көрсеткіш 7-еуге жетті. Яғни жыл өткен сайын осы спорт түріне деген қызығушылық артып жатыр. Қыздардың деңгейі де жақсы. Ойындар өте тарысты өтті. Бірнеше қыз ерекше қабілетімен көзге түсті. Сәйкесінше, ұлттық құрамаға лайықты ізбасарлар өсіп келеді деген сөз", дейді әйелдер хоккейінің жетекшісі Бұлбұл Қартаңбай. 



Нәтижесінде жергілікті, яғни, "Астана" командасы бас жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті Алматы мен Өскемен қаласының құрамалары түйіндеді.

Айта кетейік, Астана қаласы қыздар арасындағы ішкі біріншілікті алғаш қабылдап тұр. Енді алдағы уақытта осындай форматтағы турнирлерді тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу