Астана қаласының "Алматы" ауданы прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде қызметкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талдау барысында 4 қызметкерге ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмегені мәлім болды. Бұған олардың қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер қатарына жатқызылуы себеп болып отыр.
Алайда қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылды. 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.