Астанада қызметтік иттің көмегімен есірткі таратушы ұсталды

217

Күдікті пакетті киімінің ішіне жасырып, кеуде тұсына байлаған.

Астанада қызметтік иттің көмегімен есірткі таратушы ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері Күйгенжар бекетінде Toyota  автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде инспектор-кинолог Бакс атты қызметтік итпен бірге 55 жастағы жолаушыны ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде ер адамның кеуде тұсына бекітілген пакет табылып, сараптама оның құрамында бір келіден астам каннабис шайыры бар екенін анықтады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада қызметтік иттердің көмегімен шамамен 40 есірткі құқық бұзушылығы анықталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу