Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі ашылды

416

Көпшілік оларды тамашалап қана қоймай, сатып ала алады.

Астанада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі ашылды Фото: gov.kz

12-13 қыркүйек күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар, ағаш пен сүйектен жасалған заттар, ұлттық музыкалық аспаптар, кілемдер, дизайнерлік киімдер және жергілікті шеберлердің басқа да авторлық өнімдері қойылған. Жалпы жәрмеңкеде креативті индустриялардың 21 бағыты бойынша өнімдер таныстырылған. Олардың жалпы құны 74 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар Qyzylorda Hub әзірлеген цифрлық жобалар мен Қызылорда облысының заманауи медиа бастамалары да көпшілікке ұсынылды. Жәрмеңке аясында "Анаға тағзым" креативті индустриялар орталығында әзірленген Syr Style Collection сән топтамасының таныстырылымы өтті. Топтамада ұлттық нақыш заманауи дизайнмен үйлесім тапқан.

Бағдарламада ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары, концерттік бағдарламалар мен сән көрсетілімі де бар. Жәрмеңкеге келушілер "Алтын домбыра", "Күміс домбыра" секілді бірегей музыкалық аспаптарды және өңірдің көрнекті тұлғаларына қатысты тарихи-мәдени жәдігерлерді тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу