Елорданың 25 жылдығына орай, 8 және 9 желтоқсан күндері Астана қаласында "Сұлу Сырдан ару Астанаға" атты мәдени күндері өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы аясында 8 желтоқсан күні сағат 19:00-де "Жастар" театрының сахнасында Қызылорда қаласынан келген әртістер Шыңғыс Айтматовтың "Жәмила" спектаклін қояды.
9 желтоқсан күні сағат 16:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында "Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты қойылым өтеді.
Сондай-ақ, сағат 17:00-де Қызылорда облысының өнер майталмандарының гала-концерті басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу