Астанада қызылша жұқтырғандар азаяр емес

301

Күн сайын 45-ке жуық жағдай тіркеледі.

Астанада қызылша жұқтырғандар азаяр емес Фото: inbusiness.kz

Елордада қызылша дерті әлі де өршіп тұр. Балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында қызылшаға қарсы вакцина алу және одан емдеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қалада қызылшаның таралуы бәсеңдемей тұр. Күн сайын 45-ке жуық жағдай тіркеледі. Бүгінде қызылшаның 3 328 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 087 жағдай расталған диагноз және оның 71 пайызы (769 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 11 пайызы (117 жағдай) жасөспірімдер және 18 пайыз ересектер арасында анықталды", - деді қаланың бас санитары Сарқыт Бейсенова.

Ол орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында, науқастар арасында әсіресе вакцина алмаған балалардың үлесі әлі де жоғары болып, 67 пайызға жеткенін айтты.

"Қызылша ауруына шалдыққандардың ішінде 42 пайызы немесе 326 вирус жұқтырған бала вакцина алудан бас тартқан. 28 пайызы (214) – медициналық қарсы көрсетілімі бойынша, 20 пайызы (149) егу жасына жетпеген және 5 пайызы ата-аналардың немқұрайлылығынан екпе алмай отыр", - дейді маман.

Сондай-ақ, ол қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация жалғасып жатқанын атап өтті. 12-15 айлық аралығындағы сәбилер санынан қызылшаға қарсы жоспарлы екпемен 92,3 пайыз (22780 бала) және 6-7 жастағы балалар арасында 92,6 пайыз (22700 бала) қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу