Астанада қызылшаға қатысты эпидахуал күрделі

126

Қызылша ерте жастағы балалар үшін аса қауіпті.  

Астанада қызылшаға қатысты эпидахуал күрделі Фото: gov.kz

Астанада жыл басынан бері қызылшаға шалдығу бойынша 380-нен астам жағдай тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астанада әлемдегі ең жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі – қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері елордада 384 алғашқы жұқтыру дерегі анықталған, оның 234-і (61%) зертханалық жолмен расталды", – делінген хабарламада.

Қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева, штаттан тыс бас балалар инфекционисі, балалар гепатологы Динагүл Баешева және штаттан тыс бас педиатр Дана Әбілғазина эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді. Олардың айтуынша, сырқаттанушылардың басым бөлігі балалар.

Расталған 234 жағдайдың 218-і немесе 93,2%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Барлық науқастың шамамен 93,5%-ы (219 жағдай) екпе алмаған. Оның ішінде 61,5% жағдайда (144 бала) ата-аналар вакцинациядан бас тартқан. Тағы 26,5% науқас – екпе егу жасына жетпеген балалар.

Мамандардың сөзінше, қызылша – жұқпалылығы өте жоғары вирустық инфекция. Науқас адаммен байланыста болған, екпе алмаған адамдардың 90-95%-ы жұқтырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар – 14%, мектеп оқушылары – 7%, студенттер – 5%. Белсенді әлеуметтік қарым-қатынас инфекцияның таралуына әсер етеді. Ал қалған шамамен 10%-ы – екпесі жоқ немесе иммунитеті төмен ересектер. Қызылша ерте жастағы балалар, жүкті әйелдер және иммунитеті әлсіреген адамдар үшін аса қауіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу